Меню KDT

logo.png?_=1675741357


КГУ "Целинная ОШ"
  • kz
  • ru
  • en
  • Жаңалықтар Новости

    Целинный орта мектебінде «Менің елім,менің Елбасым» атты ашық тәрбие сағатын өтті.

    Тарих пәні мұғалімі Кожахметов Е.Б «Менің елім,менің Елбасым» атты  ашық тәрбие сағатын өткізді.

    Тарих пәні мұғалімі Кожахметов Е.Б «Менің елім,менің Елбасым» атты  ашық тәрбие сағатын өткізді

    1 желтоқсан күні еліміз үшін елеулі оқиға – себебі бұл күні бүкіл қазақ жұрты Тұңғыш Президент күнін атап өтеді. Парламент 1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен Тұңғыш Президент сайлауына қатысты осындай шешім қабылдаған болатын. Себебі тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт-бағдар берген Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшан-теңіз.

       Сәл тарихқа шегініс жасар болсақ, 1991 жылғы 1 желтоқсанда, алғаш рет жалпы халықтық сайлау өтіп, егемен Қазақстанның негізін салушы – Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет Президент болып сайланды.

       Бұл жаңа мемлекет қалыптасуының өтпелі кезеңінде сенімді басшыға өз тағдырын тапсырған Қазақстан халқының жауапты таңдауы еді. Шын мәнінде, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды. 1991 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан халқына берген антын тұтастай және толық орындағанын көрсетті.

        Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесі сол күні-ақ Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын Қазақстан Республикасы деп өзгертті. Еліміз бүгінде бүкіл әлемге танымал жаңа атқа ие болды. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 1991 жылғы 16 желтоқсан күні қабылданды.

        Расында да Қазақстанды қазірде әлем мойындайды. Найзаның ұшы, білектің күшімен ата-бабадан қалған елімізді бүгінде 27 жылға жуық басқарған Н.Ә.Назарбаев Қазақ елінің туын көкке көтеріп, әлем танымастай етіп өзгертті. Елімізде тойланғалы отырған бұл мерекенің тарихы маңызы орасан зор екені белгілі. Ендеше Тұңғыш Президент күні баршаңызға құтты болсын! Тәуелсіздік туы әрдайым биікте желбірей бергей!

     

    30.11.2018
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Мектеп директоры Искаков Конысбай Бердымуратович

    В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

    Голосовать

    Полезные ссылки